Мұсатіллә Тоқанов, ғалым: «Ақ мешіт» үңгірінде тұт ағаштары өсіп тұр. Осында мекендейтін құстар тұт ағаштарының жемістерін жейді. Соны жеп, түнде қонақтауға келгенде, саңырақтарын тастағанда сол дәндерден тұт ағашы өсіп шыққан… Жүздеген жылдар бойы киелі үкі құсы ұялаған. Осында жұмыстар жүргізіле бастағанда олар қоныстарын ауыстырып, ауып кетті. Зерттеулер жүргізгенде түсінгенім, американың НАСА ғалымдарының зерттеуінше күмбез шаңырақты жерлерде ауаның иондары теріс ионға айналады екен. Ал теріс ион деген ауа өте таза болады екен. Осы жерге келген адамдар осы жерге келгенде таза ауада демалғандықтан көңіл күйі бірден көтеріледі.Адамның биоөрісі осы күмбез шаңырақтың арқасында орнына келеді».