Сайрамдықтар Павлодар өңірінде шаруашылығын дамытпақ

113

Солтүстікке Сайрамнан 8 отбасы көшті. Теріскейге барып, өз шаруашылығын дамытуға бел буған жерлестерімізді аудан әкімдігі мен НұрОтан партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары А. Абдикадиров және Аудандық Мәслихат хатшысы Ш. Халмуратов шығарып салды. Жалпы, ауданнан Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына қоныс аударған бұл алғашқы отбасылар емес.

Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК (204 190 тг) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Мұндай отбасына, оның ішінде жалғыз бастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
— бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде;
— отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде;
— отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
— бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде;
— отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде – 18 АЕК мөлшерінде;
— отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде төленеді.
Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;
3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беруді;
4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;
5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;

6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.

Бүгін жолға шыққан отбасылар Павлодар облысының аудандарын таңдаған.
Жалпы, солтүстікке көші-қонды тұтас ел болып жүргізуге атсалысуымыз қажет. Бұл Президент Қ. Тоқаевтың бақылауында тұрған тапсырма.

Солтүстік өңірлерге көшкен отбасы бірден 3 мәселенің шешіміне қол жеткізеді. Баспана, тұрақты жұмыс, шаруашылық жер. Ал мемлекет үшін -жұмыс күші, демография, қалыпты экономикалық даму сақталады. Биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлерге қоныс аударушылар үшін 6039 отбасыға квота бөлді. Ішкі көші-қон үшін ШҚО-ға 637 квота дайындалса, Қостанай 455 адамды қабылдайды. Павлодар облысы 2600 адамды қабылдаса, СҚО 2347 тұрғынды қарсы алуға дайын екенін мәлімдеген.

2021 жыл басынан Солтүстік өңірлерге Түркістан облысынан 300-ден астам отбасы қоныс аударған. Оның ішінде Сайрам ауданының Ақсу, Қарамұрт, Қарабұлақ, Қайнарбұлақ ауылдық округтері тұрғындары бар.