Қарақұмық бағасын негізсіз көтергендер анықталды

79

Павлодарда көтерме саудамен айналысатын кәсіпорындар қарақұмық бағасын негізсіз көтерген. Және бұл бірінші рет емес.

Екі жыл қатарынан, сондай-ақ биыл қаңтар-ақпан айларында қымбатшылықты қолдан жасаған. Өңірлік бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті нақты дәйектермен дәлелдеген.

Өкілеті органның мәліметіне қарағанда саудагерлер өзара ымыраласып, бір мезгілде жеке дүкендерге өнімді қымбат бағамен беріп отырған.

Шынар Оразова