Энергетика министрі: «Дизель тапшылығы жоқ»

157

Елімізде дизель  отыны тапшылығы жоқ. Энергетика министрі солярка жетіспеушілігіне қатысты мәлімдеме жасады. Айтуынша жағдай тұрақты.

Мұнай өңдеу зауытарын жөндеуді кейінге қалдырып, Ресейден дизель импорттау арқылы тапшылықты жойдық дейді. Десе де, сырттан келетін жанармайға тәуелді болмау үшін, солярка өндірісін арттырамыз,- дейді.

Ол үшін Түркістан облысында жаңа мұнай өңдеу зауыты 2023 жылы ашылмақ. Сондай-ақ, Павлодардағы кәсіпорында 160 мың тонна қысқы дизель өндіру жоспарланып отыр. Әрі Шымкенттегі зауытта өндіріс көлемі 800 мың тоннаға ұлғайтылмақ.

Шынар Оразова