Үкімет отырысы өтті

73

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауындағы тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды. ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мемлекет басшысы жариялаған 5 жаңа бастама бойынша әр өңір үшін инфрақұрылымдық даму бағдарламалары әзірленетінін жеткізді.

Сонымен қатар, отырыста ветеринария саласы түбегейлі реформаланатыны, «Жеке қосалқы шаруашылықтар» туралы Заң жобасы әзірленетіні айтылды.

Айта кетейік, аталмыш жиынға Шымкент қаласының әкімі орынбасарлары және басқарма басшылары да қатысты. Жиын соңында қала әкімі Президент жолдауындағы әрбір тапсырманың орындалуы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жанерке Хумар