Вакцинацияланғандар саны 7,5 миллионға жуықтады

58

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 447 463 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 328 291 адам салдырды. Ал Шымкентте 504 488 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 410 929 алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 863 114, II компонентін 690 485 адам салдырған. Сондай-ақ Елімізде өткен тәулікте 2 537 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 122-і Шымкентте, 34-і Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 3 673-ке жетіп отыр. Оның 67-і Шымкенттік тұрғындар.

Ал, Түркістан облысынан 43 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 24 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 65 098 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 11 576 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 53 522-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 905 адамның жағдайы ауыр, ал 241 пациенттің халі өте ауыр. 106 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Мөлдір Ибадуллаева