Уақытша кіргізілген көліктер шығарылуы тиіс

313

Шетел азаматтары ЕАЭО аумағына уақытша кіргізген көліктерін 30 қыркүйекке дейін шығаруы тиіс.

Былтыр пандемияға байланысты кедендік аумаққа көліктерді уақытша кіргізу мерзімі ұзартылған. Енді екі аптада шетелдік көліктер шығарылмаған жағдайда кедендік баж бен салық төлеуге міндеттеледі. Автомобильдерді әкету туралы талап еуразиялық одақ елдерінің барлық аумағына қатысты.

Айта кетейік, Қазақстанда ЕАЭО-қа кірмейтін елдерден әкелінген 3 мыңға жуық шетелдік көлік бар.

Шынар Оразова