Úı ANONS Көлік салығын төлемегендерді не күтіп тұр?

Көлік салығын төлемегендерді не күтіп тұр?

Шымкентте 128 мыңнан астам адам көлік салығын төлемей жүр. Қарыз көлемі 3 миллиард теңгеден асқан. Уақытында өтелмеген берешекке өсімпұл қосылып, кейін мәжбүрлі түрде өндірілмек. Көлік салығын төлемегендерді не күтіп тұр? Тұрғындар не дейді?

 

Көлік салығы – ағымдағы жылдың 1-сәуірінен кешікпей төленуі тиіс еді. Десе де Шымкентте 128 мыңнан аса адам өткен жылғы көлік салығын төлемей отыр. Олардың мемлекет алдындағы берешегі 3 миллиард теңгеден асқан. Салық не үшін төленуі керек? Бұл туралы тұрғындар не дейді?

Қалалық кірістер департаментінің дерегінше, тіпті 2 жылдан бері салықты төлемей, жалтарып жүргендер бар. Олардың қоса есептегенде көлік салығының қарызы тіптен көп. Нақтырақ айтқанда, 1 млрд 28 млн теңге.  Салықты уақытылы өтемегендердің салығына үстемақы қосылады. Айталық, 100 мың теңге қарызы болса, оған 1 күнде 1250 теңгеге артады.  Қарыз мамыр айының онына дейін төленбесе мәжбүрлеп өндіріледі.

 

Көлік салығын көліктің ресми иесі төлейді. Салық көліктің қозғалтқыш көлемі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшерімен есептелінеді. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, «Күміс алқа» немесе «Алтын алқа» иегерлері сияқты көп балалы аналарға салық төлеуден жеңілдіктер беріледі. Айта кетейік, 2025 жылғы есеп бойынша Шымкенттегі  автокөліктер саны шамамен 428 мыңнан асқан. Бұдан бөлек Түркістан облысынан келіп-кететін көліктің есебі жоқ.

Дилара Иса