Úı ANONS  34 млн. теңгеден астам қарызы бар көлік құрықталды

 34 млн. теңгеден астам қарызы бар көлік құрықталды

фото ІІМ
Павлодарда патрульдік полиция қызметкерлері прокуратура және сот орындаушыларымен бірлесіп “Борышкер” профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр. Негізгі мақсат — әкімшілік қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету және берешектерді өндіру.
 Іс-шара барысында Cadillac Escalade көлік анықталып, тоқтатылды. Тексеру барысында бұл автокөлікке иелік ететін ұйымның 34 миллион теңгеден астам өтелмеген қарызы бар екені анықталды. Жеке сот орындаушысының қаулысы негізінде автокөлік арнайы тұраққа қойылды.