Көкөніс базарында самсап тұратын өнімдер біздің дастарханымызға оңай келеді. Базар толы өнім. Біз оны сатып ала қоямыз. Ал осы өнімдерді өндіріп жүрген дихандардың еңбегін қаншалықты бағалап жүрміз?
Желдің өтінен, күннің көзінен қорғап жүріп, зиянкестермен алысып жүріп, осы өнімдерді базарға жеткізіп отырады. Бүгінгі хабарда дихандармен кездесіп, олардың еңбегімен таныстырмақпыз…