«Түркістан-Арена» стадионында әйелдер арасындағы футболдан ел чемпионатының қорытынды туры өтті. Жарыста түркістандық «Томирис-Тұран» мен Шымкенттің «БИІК-Шымкент» командасы бақ сынасты.

Спортшылар жарыс алаңында өздерінің шеберліктерін көрсете білді. Аталған сайыста шымкенттік команда 2:3 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атағына ие болды.

Айта кетейік, түркістандық “Томирис -Тұран” биыл ғана құрылғанына қарамастан, чемпионаттың күміс жүлдегері атанып үлгерді. Аталған футбол командалары өңірдегі спорттың дамуын өз үлестерін қосуда.

ВИД:ДИАНА ЗАГ: