Шымкенттегі стоматологиялық орталықтардың қатары тағы бір ерекше нысанмен толықты. Қалада «Doctor Womеn» атты ерекше тіс емдеу орталығы ашылды. Мұнда тек әйелдер ем қабылдап, нәзік жанды дәрігерлер қызмет көрсетеді.
Шымкентте ерекше тіс емханасы ашылды. Мұнда тек нәзік жандылар ем қабылдап, әйел дәрігерлер ғана қызмет көрсетеді. Клиника жоғары сапалы шетелдік жабдықтармен жабдықталған. «Доктор вуман» Тіс емдеу орталығының алғашқы пациенті Мунира Төлембаева мұндағы қызметкерлердің жұмысына оң бағасы берді.
Мунира Төлембаева, қала тұрғыны: «Маған әйелдер стоматологиясы ашылғаны ыңғайлы болды. Көбінесе ер кісілердің жұмыс атқарғаны маған ыңғайсыз болды. Қазіргі таңда осы клиниканың ашылғаны барлық әйелдерге ұнайды деп ойлаймын, бұлардың қызметтері маған ұнады. Өте қуаныштымын әйелдер үшін осындай арнайы клиника ашылғанына»
Жобаны көпшілікке таныс «Азат-Эль» компаниясы жүзеге асырды. Бұл компанияның қалада бірнеше стоматологиялық орталығы бар. Кәсіпкерлердің айтуынша, жаңа клиникада қызмет бағасы халық үшін барынша қолжетімді болады. Ал басшылардың сөзінше, мұндай емхананы ашудағы басты мақсат – отбасы құндылығын сақтау және әйелдерге жайлы орта қалыптастыру.
Эльдар Ермекбаев, «АЗАТ-ЭЛЬ» компаниясының негізін қалаушы: «Тіс емханасына шағымданушылардың 50-60 емес, 80 пайызы деп айталамын әйелдер болып келеді. Балаларыдң ішінде де көбейіп кетті. Тіс жиегі аурулары. Сондықтан әйелдер көп болғандықтан, күйеулері жағынан ұсыныс болғандықтан біз әйелдерге арнайы стомотология ашып берейік деген мақсатта істедік»
Дәрігерлер көбіне босанудан кейін әйелдердің тістері әлсірейтінін айтады. Осыны ескерген клиника ұжымы сапалы материалдар қолданып, әр науқасқа жайлы әрі сенімді қызмет көрсетуді басты мақсат еткен.
Әйгерім Еркінқызы, «DR.WOMEN» тіс емханасының маманы:
«Бізде негізінде көп әйелдер қауымы босанудан кейін дұрыс күтілмегендіктен, тістерінде көптеген аурулармен келеді. Шағымданып. Тіске қарасаң сау болып тұрады. Бірақ емдеу барысында толығымен зақымдалған болып тұрады. Біз осы қызметті тек қана әйелдерге заманауи ем қолданамыз»
Тіс емханасының ашылу салтанатында келушілер үшін түрлі ойындар да ұйымдастырылды. Сонымен қатар клиника басшылығы қала тұрғындарына тіс емдеу мен ағарту сынды бірқатар тегін қызметтер ұсынды.
МЕКЕНЖАЙЫ: МАНГЕЛЬДИН КӨШЕСІ, 36. «DR.WOMEN» ТІС ЕМХАНАСЫ
Лицензия нөмірі 0000352DX.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен 06.02.2020 жылы берген.






