Úı ANONS Биліктегі бикештер

Биліктегі бикештер

Бүгінде Шымкентте екі мыңға жуық адам мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Оның 47 пайызы – әйелдер. Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш алдағы біршама уақытта тағы өседі. Себебі мемлекеттік саясат әйелдердің басқару құрылымдарындағы белсенділігін арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта «ел билейтін» әйелдердің саны артуы мүмкін. Себебі, үкімет қыз-келіншектердің биліктегі белсенділігін арттыруды көздеп отыр. Осы тұста айта кетейік, бүгінде Шымкентте 940 нәзік жанды мемлекеттік қызметтің тізгінін ұстап жүр. Олардың 154-і басшылық лауазымда.

Ербол Байқонысов, «AMANAT» партиясы ШҚФ атқарушы хатшысының орынбасары:
«ҚР-да мемлекеттік билікте әйелдердің үлесін 30 пайыздан астамын қалыптастыруға атсалысу болып табылады. Осы бойынша да мемлекет басшысы әрбір жолдауында да әйел азаматтарының рөлін нығайтуға атсалысу керектігін атап өткен. Осы бойынша жұмыс жасайтын боламыз. Өйткені заман талабына сай, әлемдік деңгейдегі саясатқа үңілетін болсақ, әйел көшбасшылар қаншама елді билеп жатқандары бар. Сондықтан да біз әйел теңдігі мен гендерлік саясатты басты ұстаным етіп қойып, олардың да билікке келуіне ықпал етуіміз керек»

Бұл мәселе бүгін «AMANAT» партиясының «TALQYLAU» диалогтік алаңшасында көтерілді. Қатысушылар гендерлік теңдікті алға жылжыту, нәзік жандылардың қоғамдағы және саясаттағы белсенділігін арттыру, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын да сөз етті.

Баян Жандосова, Ұлттық комиссия мүшесі: «Гендерлік теңдік дегенде 11 бағыты. Бірінші әйелдерді қоғамға дайындау. Лидер әйелдерді. Екінші репродуктивті денсаулық. Үшінші зорлық-зомбылыққа қарсы. Біз жаңағы теңдікке ер азамат пен әйелдердің жағдайларын көтеріп, теңбе тең алып келуіміз керек. Сол мәселе»

Бүгінде «AMANAT» партиясында әйелдердің үлесі айтарлықтай жоғары. Партия мүшелерінің 65 пайыздан астамы – нәзік жандылар. Бұл – олардың қоғамдағы белсенділігінің айғағы әрі партия қызметіндегі маңызды рөлін дәлелдейтін көрсеткіш дейді жауаптылар.

Лаура Бабас