Тоқымашылар екі айдан бері жалақы ала алмай жүр

193

Шымкентте жеңілөнеркәсіп зауытының қызметкерлері екі айдан бері жалақыларын ала алмай отыр. Кәсіпорын жұмысшылары бүгін наразылықтарын айтып, мекеме алдында шу шығарды. Ал зауыт басшылығы мұның бәрін салық комитетімен арада болған түсініспеушілікпен байланыстарады.

Бұл «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Азала Коттон» зауытының қызметкерлері. Жіп шығарумен айналысатын кәсіпорын 2 айдан бері жұмысшыларына жалақыларын төлемеген.

Біржан Байзақұлы, «Азала Коттон» ЖШС қызметкері: «Өз басымда 6 бала-шағам бар. төлейтін кредитім бар ай сайын. Олардың бәрі күнделікті мектепке киім, тамақ дегендей. Біздер тек осы айлыққа қарап отырғаннан кейін, қосымша табыс көзі жоқ. Тек 1 айлыққа қарап отырмыз. Қиыншылық болғаннан кейін төзімділік танытып жұмыс істеп жатырмыз, ал болашақта қалай болатынан білмеймін».

Мұндағы жалпы 350 қызметкердің басым бөлігін егде жастағылар құрайды. Сондықтан олар бұл жерді тастап, басқа орыннан жұмыс табуы екі талай. Барар жер, басар тауы жоқ болған тоқымашылар амалсыздан мұнда қалып жұмыс істеуге мәжбүр. Бірақ соған қарамастан қазіргі таңда 50-ге жуық қызметкер өз еркімен жұмыстан шығуға арыз жазып үлгеріпті.

Жеңіс Айдарбеков, «Азала Коттон» ЖШС қызметкері: «Бала-шағамыз бар, үйде азық-түлік қалмады. Киім-кешек керек қыстық жоқ. Жолкүре де керек, ақша да керек».

Мекеменің қаржы директоры жұмысшыларға дәл қазір жалақыны беруге қауқарлы екендігін айтады. Бірақ кірістер басқармасы өнеркәсіпке мемлкеттен берілген субсиядан корпоратив табыс салығын төлеңдер деп шарт қойған. Салдарынан кәсіпорынның есепшоты бұғаттаулы. Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқандықтан, барлық салық түрінен босатылған дейді қаржы маманы.

Сәбит Байтілеуов, «Азала Коттон» ЖШС-ның қаржы директоры: «Салық мекемесі осы «Оңтүстікте» орналасқан мемлекеттік кірістер басқармасының арасында болып жатқан түсініспеушіліктердің есебінен олар бізге мысалы мемлекет субсидия береді. Осы қызметті ары қарай дамыту үшін. Субсидияға мемлекеттік кірістер басқармасы салық 20 процент корпаратив табыс салығын төлеңдер дейді. Ол салық кодексі бойынша дұрыс емес».

Ал салық инспекциясы кәсіпорынның есепшотын бұғаттанымызға әлі 20 күн болған жоқ дейді. Қосымша кірістер үшін мекеме міндетті сомманы төлейтін болса, мәселе тез арада шешімін табатын көрінеді.

Асқар Ермекбаев, Шымкент қаласы мемлекеттік кірістер департамент басқармасының басшысы: «Олар біздің талабымызды қалай орындайды, солай тез арада мәселені өз шешімін табады. Олар бірден тиісті сомманы төлемейді, алдымен қосымша декларация беруі керек, мысалы, егер олар бүгін біздің хабарламамызға қосымша декларация жасаса, біз олардың есепшоттарын бірден ашамыз».

Кәсіпорын қызметкерлері ертеңнен бастап жұмысқа шықпаймыз деп бел буып отыр. Ал мұнда бір ауысымда 100-ге жуық қызметкер жұмыс істейтінін ескерсек, күні ертең ақ мұндағы тіршіліктің тұралап қалатындығын түсіну қиын емес. Егер мекеме басшылығы жұмысшыларға жуық арада жалақыны беру мәселесін шешпесе, зауыттың банкротқа ұшырап, жабылып кетуі де әбден мүмкін.

Әлихан Файзханов