Түркістан: БАӘ қаржысына перзентхана салынады

110

Түркістанда Абу – Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы 80 орындық перзентхананың құрылысы басталды. Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа «Ана мен бала орталығының» іргетасына капсула салды.

Күнгей өңірдегі заманауи перзентхананың негізі, өткен жылдың желтоқсан айындағы Біріккен Араб Әмірлігінде өткен кездесуден кейін қаланып отыр. Құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарланған.

Айта кетейік, ғимараттың жалпы ауданы 8 мың шаршы метр, ал жер аумағы — 33 000 шаршы метрді құрайды. Заманауи перзентхана еуропалық үлгіде салынады дейді сала жауаптылары.

Мөлдір Ибадуллаева