Балық экспорты артты

96

Атырау облысында алдағы бес жылда балық экспорты 13 мың тоннаға артпақ. Ал, тауарлы балық өсіру 10 тоннадан 7 мың тоннаға дейін жетуі тиіс.

Облыс аумағында 18 кәсіпорын балық аулаумен айналысады. Былтыр Жайық – Каспий бассейiнi бойынша 11 мың тоннадан артық балық ауланды.

Биылғы көрсеткіш 10 150 тонна. Экспорт та жыл сайын еселеніп келеді. Өңделген өнім Ресей, Украина, Әзірбайжан, Израильге экспортталды.

Шынар Оразова