Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 677 674 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 008 545 адам салдырды. Ал Шымкентте 573 179 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 537 856-ы алды.
Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 024 164, II компонентін 963 146 адам салдырған. Сондай-ақ өткен тәулікте 946 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 11-і Шымкентте, 12-і Түркістан облысында тіркелген.
Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 392-ге жетіп отыр. Оның 30-ы шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 12 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 25 қарашадағы жағдай бойынша елде 28 106 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 5 879 пациент стационарға жатқызылған.
Ал,22 227-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 444 адамның жағдайы ауыр, ал 117 пациенттің халі өте ауыр. 76 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Мөлдір Ибадуллаева