Pfizer вакцинасы: Кімге және қашан егіледі?

79

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 379 мың доза көлеміндегі Pfizer вакцинасының бірінші партиясын 15 қарашаға дейін елге жеткізу жоспарланғанын айтты. Екпе кімдерге, және Республиканың қанша азаматына егіледі?

15 қарашаға дейін Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілмек. Оның ішінде, екпенің 379 мың дозасы бар. Яғни ол препарат, 12 жастан асқан балаларға, жүкті сондай-ақ, бала емізетін әйелдерге салынатын көрінеді.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «4 миллион 230 мың доза сатып алынды, бұл 2 миллион 115 мың адамды қамтиды. Вакцинация, 12-17 жас аралығындағы балалар, жүктіліктің 16 мен 37 аптасындағы әйелдерге, және босанғанына 42 күнен асқан бала емізетін аналарға салынады».

Жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакцинациялау, кәмелет жасқа толмағандар үшін ата-анасының немесе басқа заңды өкілінің арнайы келісімімен жүзеге асырылады.

Алексей Цой,  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі: «Вакцина балаларға, оқу орнындағы арнай егу орталықтарында егіледі. Сондай-ақ республиканың білім беру ұйымдарында және егу пункттерінің желісінде короновирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүргізілетін болады».

Халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 22 қарашада басталады, қалған азаматтар келесі жылы екпенің үшінші дозасын қабылдай алады. Алдымен екпе алатын адамдарда, вакцинация екі кезеңде өтеді. Ағымдағы жылдың соңына дейін медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің жеке құрамы , балалар мекемесі, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері қайта вакцинациялауға жіберілетін көрінеді.

Алексей Цой, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі: «Сәуір айында жаппай алғашқы егу басталғанын ескере отырып, 2022 жылдың қаңтарынан бастап вакцинацияның толық курсынан өткендерге 6-9 ай болғанда, алғашқы екпеден өткен республиканың барлық азаматтары қайта вакцинациялауға жіберіледі».

Аида Қарсыбайқызы