Қазығұрт ауданындағы ескірген электр жүйелерінің 70 пайызы жаңаланды

103

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС инвестициялық бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы Қазығұрт ауданындағы 30-ға жуық елдімекенде ескірген электр желілерді алмастырып, тозығы жеткен ағаш бағаналарды темірбетонды заманауи бағаналармен жаңалауда. Энергетиктер ауылдағы халықты сапалы электр жарығымен үздіксіз қамту мақсатында трансформаторлардың да қуатын ұлғайтуда.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС -і инвестициялық бағдарламадағы іс-шараларды жүзеге асыру бағытында қарқынды жұмыс атқаруда. Бұл жолы энергетиктер Қазығұрт ауданындағы электр жүйелерін жаңалауға кіріскен. Қайта жаңғырту жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу мақсатында білікті мамандар мен арнайы техника да жұмылдырылды.

Әбдікерім Сүлейменов, «ОЖТ» ЖШС-нің Қазығұрт аудандық электр желілері мекемесінің маманы: «Инвест бағдарламаға байланысты бұрын ауылдың ішіндегі өткен бағаналарды жолға көшенің бойына шығарып жатырмыз. Жұмыс жақсы жүріп жатыр. Ауылдың ішінен шығарғанда сәл сәл қиналып қаламыз. Бау-бақшалар бар, біреудің ағашын қырқа алмайсың. Күніне 20-25 бағаналар ауыстырылып, 1-1,5 км де сымдар ауыстырылуда. Балаларға рахмет Жұмыс істеп жатыр».

Энергетиктердің пайымдауынша, қабылданған инвестбағдарламаның арқасында Қазығұрт ауданындағы 30-ға жуық елдімекенде ескірген электр жүйесінің 70 пайызы жаңаланбақ. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарын сапалы электр жарығымен үздіксіз қамтуға мол мүмкіндік береді дейді сала мамандары.

Жаханбек Серікбаев, ОЖТ «ЖШС» Қазығұрт аудандық электр желілері мекемесінің бас инженері: «ОЖТ» Қазығұрт аудандық электр жүйесінде 0,4 желілерінде 28 км реконструкция жүрді, оның ішінде 779 бағана ауыстырылды, ағаш бағаналар темірбетонға, 10 киловольттық желілерде 19 шақырым жұмыстар жүргізілді. Ол жерде 189 бағана ауысты, трансформаторлардың қуаты ұлғайтылды 250 КВА-400КВА-ға, 40 КВА-160 КВА екі елдімекенде алмастырылыды».

Оқшауланған электр сымдары аудандағы 3 елдімекенде 250 ағаш бағанасы темірбетонға алмастырылып, ұзындығы 12 шақырымды құрайтын ескірген сымдар СИП-ке жаңаланды. Бұдан бөлек 9 ауылда 0,4 кВ әуе желілері 10 киловольттыққа жаңарды, екі ауылда трансорматордың қуаты ұлғайтылды. Мұндай қайта жаңғырту жұмыстары бұрын соңды болмағанын айтқан тұрғындар, енді жарық сапасы жақсаратынына сенімді.

Нұрмахан Күмісбеков, Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылының тұрғыны: «Шарбұлақ елдімекенінде электр бағаналар әлектр желілері ауысып жатыр. ОЖТ мекемесінің қызметкерлеріне рахмет. Бұрынғы ескі бағаналарымыз жаңарып, орнына жаңа электр бағаналары қойып, сымдар тартылып, электр жарықтарымыз өте жақсы, сапалы, бұрын өшіп қалатын еді, әзір өшпейді, жарық жақсы болып қалды, рахмет».

«ОңтүстікЖарықТранзит» серіктесітігі инвестициялық бағдарламадағы ағымдағы жылға жоспарлаған жұмысты ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Ол үшін компанияның материалдық техникалық базасы да тәжірибелі мамандары да жеткілікті.

Шынар Оразова