Шымкент: Әлемнің үздік неврологтары бас қосты

94

Шымкентте өткен «Пәнаралық неврология» атты халықаралық конференцияға АҚШ, Германия, Ресей, Өзбекстан елдерінен және еліміздің өзге де аймақтарынан невролог, нейрогенетик және нейрофизиологтар қатысты.

Шара барысында мамандар жүйке жүйесі ауруларының таралуы, оларды емдеу және қалпына келтіру тақырыбында тәжірибе алмасты. Шетелдік дәрігерлер қазақстандық мамандармен біліктілікті жетілдіретін тегін жобалармен бөлісті.

Екі күнге созылған жиында қырыққа жуық маман баяндама оқыды. Сондай-ақ, невролог мамандар короновирустың таралуы, оның асқынуынан пайда болатын неврологиялық аурулар туралы да пікір алмасты.

Қазіргі таңда Шымкентте 3 инсульт орталығы бар. Мамандар мұндай орталықтардың ашылуы нәтижесінде инсульттен келетін өлім саны азайғанын айтады.

Гүлдана Дәурен