Шымкент: Екі қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд. теңге шығын келтірген

98

Шымкентте мемлекетке 3 млрд. теңге шығын келтірген екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Қалалық экономикалық тергеп тексеру департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысатын екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

8 адамнан тұратын аталған топтардың бірі 2018-2020 жылдар аралығында контрагент кәсіпорындарға материалдық сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжат жазып берумен айналысқан.

Екіншісі бір күндік 21 компанияның атынан тауар мен қызметті жеткізуге ұқсас жалған мәмілелер жасасқан. Бүгінде аталған қылмыстық іс сотта қаралуда.

                                                                                           Мөлдір Ибадуллаева