Шымкент: Т.Рысқұлов көшесінің бір бөлігі ашылды

66

Т. Рысқұлов және Д. Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайырықтың бір бөлігі ашылды. Енді А.Байтұрсынов көшесінен Д. Қонаев даңғылына өтуге мүмкіндік бар. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жолайрықтың екінші бөлігі қарашаның соңына дейін ашылатынын жеткізді. Жобаны толығымен жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз дейді.

Т. Рысқұлов және Д. Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайрықтың бір бөлігі пайдалануға беріледі. Мұндай оқиғаға барлығы қызу дайындық үстінде. Қаланың онсыз да көлікпен кептелген көшелерін аз да болса қысқарту үшін, жолайрықтың бір бөлігін ашу маңызды рөл ойнайды. Дайындыққа әкім орынбасары да кірісіп кеткен, себебі жолды уақытылы қолданысқа беру керек.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Т. Рысқұлов көшесінің оң жағы бұрылыс, оңтүстік жағын бүгін ашамыз. Қала тұрғындарына А: Байтұрсынов көшесі мен М.Х. Дулати көшесін арасында Т. Рысқұлов көшесімен жүрсе болады. Сонымен қатар Д. Қонаев көшесімен келе жатқан кезде, тұрғын үй кешенінің алдынан оңға А. Байтұрсыновқа қарай жүруге мүмкіндік болады. Сосын Т. Рысқұлов көшесімен оңға Д. Қонаев көшесіне түсуге мүмкіндік болады».

Д. Қонаев жолайрығынан өтетін жаяу жүргіншілерге арнап, қазір уақытша жаяу жүргінші жолағын салып қойған. Тұрғындар еркін қозғала береді. Ал, Мақсұт Исахов жұмыс толығымен жақын арада аяқталатынына сендірді. Қазірдің өзінде 70 пайыз жұмыс тәмәмдалып қойған.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Бұл жұмыстардың 75 пайызы  бітіп тұр. Осы Желтоқсан айына дейін жерасты өткелінің жұмыстарын да толықтай бітіреміз деген жоспар бар. Солтүстік бөлігі бойынша қараша айының 15-20-на дейін ашамыз деген жоспарымыз бар».

Ашылуға бірнеше минут қана қалды. Барлық арнайы белгілер орнатылып, жол толық тазартылған. Жобаға жауапты қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ашуға белгі беруге дайын тұр.

Қазбек Усеров, Шымкент қаласының тұрғыны: «Жол ашылған соң, көңіліміз де ашылып қалды ғой. Өзім жолды тексерейін деп келе жатырмын. Жақсы-жақсы».

Бұл босаңсуға болады деген сөз емес, әрине. Жолайрық қызметкерлері мұндай ірі жұмысты жыл соңына дейін аяқтаймыз деп отыр.

Гүлдана Дәурен