Шымкентте жаңа бейнебақылау камераларының бір бөлігі жұмыс істей бастады.
Жол ережесін бұзғандарға айыппұлдар туралы хабарламалар енді жиі келуі мүмкін. Бейнекамералардың бір бөлігі учаскелерде және жол бойында орнатылды. Енді орын алған заңбұзушылықтар онлайн режимінде сол мезетте тіркеледі. Ал айыппұлдар туралы хабарламалар смс түрінде түсетін болады.
«Енді жол көлік оқиғаларының саны еселеп азаяды»,- деп есептейді Шымкент қаласы ПД бастығы Ералы Жұмаханбетов. – Ең бастысы-адамның өмірін сақтау. Айта кетейік, айтулы құрылғылар үшін бюджеттен 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ал камералардың бір бөлігі орнатылған сәттен бастап-ақ қаладағы жол көлік оқиғалар саны азайған».
Полиция департаменті барлық камералар толық қосылғаны жайлы халық алдын-ала білетін болады деп уәде берді. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын сақ болуға және жол ережесін сақтауға шақырады.
Шынар Оразова