Шымкентте «жұмысқа тұрғызып беремін» деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды

123

30-қазанда алаяқтың құрбаны болған 45 жастағы жергілікті тұрғын Абай аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған.

Осы жылдың қыркүйек айында танысы жұмысқа орналастырып беремін деп уәде беріп, арызданған азаматшадан 200 мың теңге ақшасын алған. Көп ұзамай алаяқ әйел телефон қоңырауларына жауап беруді қойған. Бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу мәселесі шешілмегендіктен, жәбірленуші полицияға арыздануға мәжбүр болды. Полиция қызметкерлерінен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы алаяқ әйел қолға түсті.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді.

Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, онда сізге «102» телефоны бойынша полицияға тез арада хабарласыңыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі