Түркістанда марихуана жасырып қойған азамат анықталды

109

Түркістан облысының тұрғыны ара ұяларын тасымалдауға арналған арбаға 20 келі марихуана жасырып қойғаны анықталды.

«Бізге Сайрам ауданында белгісіз біреу есірткіні сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл фактіні біз «есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу»бабы бойынша тіркедік. Полиция департаментінде күдіктіні ұстау мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды»,-дейді сала жауаптылары.

Полиция қызметкерлері күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғынын ұстады. Оның үйін тінту кезінде 1 қап пен есірткі салынған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Белгілі болғандай, ер адам зиянды затты араларды тасымалдауға арналған арбада сақтаған. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заттары жалпы салмағы шамамен 20 келіні құраған марихуана болып шықты.

«Аталған факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Сайрам АІЖ-не қамалды. Бүгінде облысқа есірткі құралдарын жеткізу арналары орнатылуда»

Жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 5 тоннадан астам есірткі заттарын алып, аса ірі көлемде есірткіні сақтаудың 25 фактісін анықтап, 55 есірткі сатушыны ұстады.

                                                                                                Әлихан Файзханов