Úı ANONS Велосипед ұрлап кеткен 68 жастағы қария қолға түсті

Велосипед ұрлап кеткен 68 жастағы қария қолға түсті

фото ТО ПД

Жетісайлық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық қылмысына қатысы бар деген айыппен бұрын сотты болған 68 жастағы күдікті қарияны қолға түсірді.

Анықталғандай, егде жастағы қария тал түсте олжа іздеп, күндізгі уақытта қылмыстық оймен бөтеннің үйіне заңсыз кірген. Яғни құлыптанбаған есік арқылы ұрлыққа түскен. Үйдің кіреберісінен құны 50 мың теңге тұратын велосипедті жымқырып, ізін суытқан.
Тәртіп сақшылары дер кезінде қолды болған велосипедті тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.