Жол апаты орын алды

243

28 қараша күні сағат 21:30 шамасында Темірлан тас жолында, «Баян Сұлу»сауда орталығының жанында Volkswagen Crafter мен Mercedes автокөліктері қақтығысқан. Жол көлік оқиғасы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Нәтижесінде Volkswagen көлігінің алдыңғы бөлігі зақымдалған. Қатты қақтығыстан кейін Volkswagen Crafter көлігіндегі 4 жолаушы қалалық ауруханаға жеткізілді. Апатты жағдайдың себептері анықталуда.