Адал бәсекелістікке кедергі келтіретін тоқсауылдарды жоюға бағытталған маңызды қадам

112

Парламент Мәжілісінің депутаттары Парламент Сенаты енгізген бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша заң жобасына өзгерістерді қарады.

Мәжілісмендер квазимемлекеттік сектор субъектілерін құру кезінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келісімін алу және олардың қызметін кеңейту жөніндегі талапты алып тастау туралы Сенаттың түзетуін қолдады.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды деп есептеледі және жақын арада Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылатын болады.

Заң нарық субъектілері үшін тең жағдайлар жасауға, шешуші қуатқа қол жеткізуді кеңейтуге және адал бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға бағытталған.

Шынар Оразова