Дауылды ескерту: Шымкентте нөсер жаңбыр жауады

132

 

Казметеорталығының мәліметінше Шымкент қаласында 2021 жылғы 22 желтоқсанда таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеуге кеңес береміз, үй-жайларда болғаныңыз дұрыс. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды.

Егер сіз қатты жел кезінде көшеде болсаңыз, жерасты өткелдеріне немесе ғимараттардың кіреберістеріне тығылуға кеңес береміз. Үйлердің қабырғаларына жақын жүрмеңіз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдарының құлауы мүмкін. Бұл қоғамдық көлік аялдамаларына, билбордтарға, ағаштарға, аяқталмаған ғимараттарға да қатысты.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы