«Іскер» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

95

ҚР Президентінің «Алтын сапа» 15-ші мерейтойлық сыйлығын марапаттау аясында «Ickep» сыйлығы және «Бизнес Кемелділік» байқауы, сондай-ақ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «Үздік сынақ» ынтыландыру сыйлығы, «АруАна» бизнесте тану» сыйлығының гран-при атағы және Qazaqstan Project Management Awards -2021 ұлттық байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Орта кәсіпкерлік субъектілері арасында Іс кер сыйлығына Түркістан облысындағы «Балмұздақ» серіктестігі ие болса, «Бизнес Кемелділік» – «Деловое совершенство» сыйлығының лауреаттары қатарында «Бөрте Милка» ЖШС-да бар. Ал «Ару Ана» гран-приін Шымкент қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева иеленді.