«Қазақстанның үздік тауарлары». Шымкентте дәстүрлі көрме-жәрмеңке өтті

313
"Қазмедприбор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі озық деп танылды, фото Тимура Джумабековтікі
Оңтүстікте сапасы жағынан бәсекелестікке түсе алатын 300-ден астам өндірушілер бар, фото Тимур Джумабековтікі

Жыл сайын мұнда сарапшылар мен қарапайым халық өзі тұтынатын тауарлардың арасынан сапалысы мен көңілден шыққанын таңдайды. Ал үздіктері республикалық Алтын сапа конкурсына жолдама алады. Дүңгіршектің жанына қыз-келіншектер көп жиналды. Оның себебі де бар – мұнда нағыз табиғи заттан құйылған әтір сабындар көрмесі ашылған. «Аликас» фирмасы отандық өнімдер байқауына алғаш рет қатысып отыр. Қолдан жасалатын мұндай сабындар өңіріміз былай тұрсын, еліміз де де бірегей саналады. Оңтүстіктегі сапасы сын көтереді деп танылған тауар өндірушілердің қатары 300-ден асады. Олар бүгін «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында бәсекеге түсті. Кәсіпорындардың бірі көпшілікке шұжық-ірімшігін ұсынса, өзгелері өрт сөндіру саласына, медицинаға қажетті ауыр техникасын ала келіпті.

Әрбір кәсіпкердің мақсаты жылдың үздігі атану, фото Тимур Джумаековтікі

Ал Бейісбековтер отбасына мұндай байқаулар таңсық емес. Олардың бұйымдары бұған дейін де Алтын сапа жүлдесіне ие болған. Ұлттық нақышта жасалынған өнімдер тұтынушыға сәттілік сыйлайды дейді шебер.

Байқау үш аталымда өтті. Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар арасында «Қазмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі озық деп танылса, халық тұтынысындағы үздік тауар аталымын «Зерде фито» компаниясы жеңіп алды. Ал «Ордабасы-құс» фабрикасының өнімі үздік азық-түліктер арасында сапалы атанды. Жеңімпаздар енді республикалық көрмеге қатысады. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_gQBHhPHKDE[/youtube]