«Алтын сапа»: «Проммашкомплект» кәсіпорны жеңімпаз атанды

31

Үздік индустриялық жоба номинациясы бойынша «Проммашкомплект» кәсіпорны жеңімпаз атанды. Мемлекет басшысы жүлдені өзі табыс етті.

Бүгінгі таңда теміржол дөңгелектерін шығаратын зауыт – Орталық Азиядағы ең озық өндіріс орындарының бірі. Кәсіпорынның 80 пайызы автоматтандырылған. Теміржол дөңгелектерін өндіретін «Проммашкомплект» кәсіпорны «Алтын сапа» марапатын алдын. Зауыт отандық нарықта 11 жыл жұмыс істеп келеді. Осы аралықта ол индустриалды даму қарқыны жоғары кешен екенін көрсетті. Алғашқы өнімін, яғни теміржол дөңгелектерін, кәсіпорын 2018 жылы шығарған.

Сергей Павлингер, RAILWAYS SYSTEMS KZ қауымдастығының негізін қалаушы:  «Мемлекет басшысының қолынан осындай марапатқа ие болу – біз үшін үлкен жетістік. Бір кездері біз үшін қолдан келмейтіндей көрінген биіктерге жеттік. Марапат соның дәлелі. Бұл тұтас ұжымның еңбегі. Жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіпорын қызметкерлерінің рөлі өте маңызды. Екібастұз «Проммашкомплект» ЖШС мемлекеттік қолдаудың көмегімен іске қосылды. Оған 2010 жылы ашылған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы түрткі болды».