«Алтын сапаны» кім алады?

Тауар өндіруші кәсіпкерлердің назарына. «Қазақстанның үздік тауары» аталымы мен «Алтын сапа» сыйақысына байқау жарияланды. 15 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келе жатқан байқауға Оңтүстіктен биыл 50-ден астам заңды тұлға қатысқалы отыр.

Алтын сапа«Өндіру бойынша үздік кәсіпорын», «Халықтық тауарларды шығарудағы үздік мекеме», «Қызмет көрсету бойынша үздік компания» деген үш аталым бойынша өткізілетін шараны ұйымдастыруға биыл облыстық кәсіпкерлер палатасы да қатысып отыр. Ал тауар өндірушілерге қойылатын талап, жылдағыдай, қатаң.

Байқауға қатысуға 30-маусымға дейін өтінім беруге болады. Оңтүстіктен озық шыққандар республикалық байқауға бағын сынауға жіберіледі. Ал «Қазақстанның үздік тауары» мен «Алтын сапа» белгісінің иегерлері жыл соңында анықталады.

Альмира Әжімұратова, Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институтының ОҚО филиалының директоры:  «Тауар өндіруші компаниялар «Алтын сапа» байқауына қатысамын десе, сол кәсіпорынға сапа менеджменті жүйесі енгізілуі керек. Екіншіден, ол кәсіпорынның шығарған өнімі өткен 3 жыл ішінде нарықта болуы керек. Қызмет көрсету бойынша да талап сондай.»