Моңғолиядағы қандастардың құттықтауы

131

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
төрағасының Бірінші орынбасары
З.Қ.Тұрысбековқа

Құрметті Зауытбек Қауысбекұлы

Сізді ел ағасы, ердің есейген жасы – мүшел тойыңызбен Моңғолия еліндегі қандастарыңыздың атынан шын жүректен құттықтап, ұзақ та бақытты өмір, табыс, жанұяңызға сарқылмас жақсылық тілейміз.

Моңғолиядағы қазақтар біз, Сізді жастар мен партия ұйымы, өңірлік билік пен мемлекеттік қызметтерді сатылық мерит жолымен табысты та абыройлы атқарған, Қазақ елінің Өкіметінің құрамында болған үлкен мемлекет және қоғам қайраткері деп білеміз. Сондай-ақ, қазақ елінің атынан көптеген елдерде Елшілік қызметте болып, елдің дербестігі мен тәуелсіздігін танытып бекемдеуде құнды үлес қосқан кәнігі дипломат деп есептейміз.

Міне, сайлаудың бір мерзімінен астам уақытта ДҚҚ-на жетекшілік етіп, мұны бұрын да дипломаттық және көші-қон, ішкі істер ведомстволарын басқарған тәжірибеңізбен жете ұштастырып, шетелдегі қандастардың мүддесіне сай іс қызмет атқарудасыз, және оларды тарихи отанына қайтарып орналастыру жолында Сіз басқарып отырған ДҚҚ мен өзіңіз тәуелсіз директоры болатын «Отандастар қоры» үлкен жұмыстар жасап жатқанын көріп отырмыз. Әсіресе шеттегі қазақтарды тарихи отанына көшіріп алу, елішілік көші-қонды оңтүстік облыстардан артқы өңірлерге қарай ұйымдастыру, олардың әлеуметтік жағдайын шешуде талмай еңбек етіп жүргеніңізді шеттегі аға-бауырларыңыз жоғары бағалайды.

Сонымен қатар моңғолия қазақтары көптеп шоғырланған Бай-Өлке аймағында екі бірдей айтып келмейтін табиғи апат болып үлкен шығынға ұшырағанда Қазақ елі әр жолы қол ұшын беріп көмек көрсеткенде Сіз мұрындық болғаныңызды мұндағы бауырларыңыз ұмытпайды.

Әлемдегі қазақтардың жалғыз отаны – Қазақ елінің тәуелсіздігіне 30 жыл толған осы бір қуанышты күні Сізді және ондағы барлық қандастарымызды, қазақстандықтарды шын жүректен құттықтап отырғанымызды қабыл алыңыз.
Той тілеуіңіз қабыл болсын! Қазақ елі жасай берсін!

Зор құрметпен: Хабсатар Омарұлы,
ДҚҚ мен «Отандастар қорының» жұмысын Моңғолияда үйлестіруші