Шымкент отандық өнімдердің ірі орталықтарының біріне айналды

97

Бір жылды артқа қалдырып, тағы бір жылдың табалдырығынан аттағалы тұрмыз. Жылды қорытындылайтын сәт те жетті. Биыл Шымкенттің экономикалық тұрғыдағы көрсеткіштері пандемияға қарамастан бірқатар салаларда жоғары болды.

Өндіріс саласындағы жетістіктер халықтың әл-ауқатын арттырып, қаланың дамуына серпін берді.

2021 жыл республикалық маңызды қалалар мәртебесіне ие Шымкент қаласы үшін жемісті болды. Экономикалық өсім бар. Қала бюджетінің көлемі жылдың басында 388 млрд теңгені құраса, жылдың соңына қарай ол көрсеткіш 468 млрд-қа жеткен. Кәспорындардың үлесіне тоқталсақ. Жергілікті шикізаттан жасалған отандық өнімдердің қатары толықты. Биылға жоспарланған 16 млрд. теңгені құрайтын 17 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 600 ден астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

Береке Дүйсебеков, Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы: «Ерекшелігі өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар. Атап айтсақ, Тассай индустриалдық «Оңтүстік» индустриалды аймақ, «Оңтүстік» экономиалық аймақ биыл мемлекет басшысы қойған тапсырмасы бар, ол импорт алмастыру бойынша біздің отандық өндірістірді қолдау мәселесі. Шымкент химиялық компаниясы мұнай өңдеу зауыты,  Картон  шығаратын кәсіпорын…».

Отандық өнім демекші, ағымдағы жылдың соңында Тассай индустриалдық аймақта медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Адам өмірі үшін аса маңызды инсулинді инелер енді өзімізде өндіріледі. Жаңа бағыттағы өндіріс елдің қажеттілігін қамтып қана қоймай, шетел нарығына шығуды көздеп отыр. Жоба құны – 500 млн. тенге. Сонымен қатар, мұнда медициналық бетперде де жасайды. Жұмыспен қамтылған жергілікті тұрғындардың бірі, Ералы Құлаш:»Мастермін, қарамағымда 10 адам жұмыс істейді. Барлық жағдай жасалған. Жақында отбасын құрдым. Жұбайым «ЭкоФарм»-да жұмыс істейді. Біз сияқты жас отбасы үшін тұрақты жұмыс маңызды».

«Тассай» индустриалды аямағында биыл жүзеге асқан жобалардың бірі тұрмыста тұтынатын заттарды шығаратын мына кәсіпорын. 60 адамды жұмыспен қамтыған өндірістің өнімдері сұранысқа ие.

«2021 жыл жемісті жыл болды. Құрылыс материалдарын тасыитын арма, түрлі сатып, кір жайғыш, орындық, ілгіш сияқты заттарды шығарамыз. Болашақта  өндірісті кеңейтпекпіз. дейді  кәсіпорынның  бас есепшісі Жамал Омарова.

Экономиканың драйвері шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қаланың іргесіндегі индустриалды және арнайы экономикалық аймақтарда кәсіпкерлерге жер телімі беріліп, инфрақұрылымы тартылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Береке Дүйсебеков, Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы:» «Жұлдыз» индустриалды аймағы ашылып, онда жалпы құны 8 млрд-ты құрайтын 10-ға жоба жүзеге асырылады. Темір балқыту, және де металлургия саласындағы шығарылған өнімдер   өзімізді  отандық өнімдермен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен штаб өтіп онда инвестиция тарту және кәсіпорындардың қатарын көбейту мәселелері талқыланады».

Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында өндірілетін тауарлардың 20,7 пайызы Шымкентте жасалады. Бұл көрсеткіш жылдан жылға ұлғаюда. Мәселен, Шымкентте биыл жылдың алғашқы бес айында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 миллиард 566,7 миллион теңге болды. Өткен 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл, 134,1 пайызға артқан.

Шымкенттен шығатын өнімнің 3,9 пайызын жеңіл өнеркәсіп саласы құрайды. Мегаполисте әсіресе, тоқыма бұйымдарын жасау кең өріс алған. Нақтырақ айтсақ, республикада өндірілетін мақта-мата өнімдерінің 87 пайызы, шұлықтың 68 пайызы, кілемнің 100 пайызы Шымкенттен шығады.Осылайша үшінші мегаполис отандық текстиль өндірісінің ірі орталықтарының біріне айналды.
Интершум өндіріс

Өңірлік бөліністе қаланың жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 9,6 млрд.теңгені құрады. Көрсеткіш, ел бойынша бірінші орынға шығып, өткен жылмен салыстырғанда 134,1 пайызға ұлғайды.

Шынар Оразова