Шымкент: RIXOS-та жаңа жылдық шырша шамын жақты

213

Шымкентте жаңа-жыл қарсаңында бірқатар мекемелер мен ойын сауық орталықтары және сауда орындары безендіріліп, мерекеге қызу дайындық басталып кетті. Соның бірі, қаламыздағы сәулеті мен салтанаты келіскен – RIXOS Hadisha Shymkent қонақүйі.

Бүгін мұнда, кішкентай бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық кеш өтуде. Сәнді шырша құрып, көздің жауын алар жарықтармен безендірілген ғимаратта , жаңа-жылға дайындық ерекше. Балалар асыға күткен мереке кейіпкерлері,

Аяз атамен Ақшақарды көріп, ән айтып, би билеп, ортада өнер көрсетті. Ертегі кейіпіндегі әртістер бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеруге барын салып, әсем шырша шамын да жақты. Аяз ата сыйлықтарын табыстап, барша қала тұрғындарын алдағы мерекемен құттықтады.

Аяз ата:
«Барша Қазақстандықтарды 30 жылдық мерей тоымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңадан келе жатқан 2022 жыл, барыс жылы бақыт әкелсін! Бейбіт әрі еркін өмір сүріп, көңіл күйіміз көтеріңкі болсын! Жаңа -жылда Шымкенттіктерді бақыт, шаттық, береке күтуде! Бастысы баларларымыз өте ақылды, батыр. Міне бүгін алғашқы шырша шамын жақтым, енді жақында міндетті түрде ақ ұлпа қар жауады.»

         Аида Қарсыбайқызы