Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады.

Қабылдауға қатысқан тұрғындар қоғамдық көліктердің кестесі мен шалғай елді мекендердегі ішкі орам көшелерді асфальттау және заңсыз салынып жатқан кәсіп нысандарына қатысты мәселені баяндады.

Әкім орынбасары азаматтар көтерген мәселені дер кезінде шешімін табуы үшін басқарма басшыларына қолға алуды тапсырды. Сонымен бірге орындалуы тиіс шараларды өзі бақылауға алатынын жеткізді.

Карантиндік талаптарға байланысты азаматтарды қабылдау WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізілді. Бүгінгі жеке қабылдауға қатысқан тұрғындар қала әкімдігінің ресми сайтына өтінім қалдыру арқылы жазылған.

Айта кетсек, қабылдауға жазылу үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/activities/population?lang=kk сілтемесі арқылы өтінім қалдыра алады.