«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қаржы аударымдары жалғасуда

87

ERG компаниялар тобы «Қазақстан халқына» қорына 30 млрд теңге аударады. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мекеме ретінде Еуразиялық топ президент бастамасын қолдайды деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін қорға «Kaspi» банкі 10 млрд теңге, «Қазақмыс» пен «KAZ Minerals» компаниялары 25 млрд теңге, «Халық» қайырымдылық қоры 2 млрд теңге аударғаны белгілі.