Түркістан облысында алғашқы бәйшешек гүлдеді

241

Түркістан облысында көктемнің алғашқы хабаршысы бәйшешек гүлдеді. Дала гүлі Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи саябағының аумағында бүршік атты.

Бәйшешек Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ұзақ жылдардан бері олар көктемнің хабаршысы, тазалықтың, жастық пен балғындықтың символы болып саналады.

Шымкент пен Түркістан облысында ауа райының қолайлылығына байланысты  бәйшешек ерте гүлдейді. Бүгінге дейін оңтүстік мегаполис пен Түркістан облысында ауа райы айтарлықтай жылы. Синоптиктердің болжамынша, шымкенттіктерді алдағы күндері нағыз көктем күтеді. Термометр +15 дейін көтеріледі.