Әр балаға 36 мың теңге төлену керек

174

Қазақстанда әр балаға ай сайын 36 мың теңге жәрдемақы берілу тиіс. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжановқа сауал жолдаған мәжіліс депутаты Динара Зәкиева айтты. Сөзінше, бүгінде 1 млн 145 мың шаңырақ дағдарыста өмір сүріп жатыр. 

Ал әр оныншы бала аз қамтылған отбасында тұрады. Әрі қиын жағдайда өмір сүріп жатқандарды өздігінен ешбір орган іздеп жатқан жоқ. Тек өтініш түссе ғана жұмыс істейді дейді халық қалаулысы. Тіпті, 13 жасқа дейінгі кей жасөспірімдердің сырқаты болса да, туғаннан бері медициналық тексеруден өтпеген.

Сондықтан Динара Зәнкиева қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек көлемін жоғарылату маңызды болып отыр дейді.

Динара Зәкиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдаудың тиімділігін арттыру керек. Ол үшін атаулы әлеуметтік көмекті күнкөріс минимумына дейін жеткізген дұрыс. Яғни 1 балаға 36 мың теңге төленгені жөн. Бұл үшін қосымша мемлекеттен 225 млрд қажет».

                                                                                          Мөлдір Ибадуллаева