Автокөлік жүргізушісінен есірткі табылды

61

Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын сақтау, қадағалау мақсатында профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Тәртіп сақшылар осындай кезекті шара барысында, Сарыағаш қаласы Исмайлов көшесінің бойында түнгі сағат 02:30 шамасында жарық шамын жақпай келе жатқан «Равон Р-3» маркалы автокөлікті тоқтатады. Содан оны тексеру барысында сыртқы киімінің қалтасынан пакетке оралған хош иісі бар зат шыққан. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді.

Полицейлер жүргізушінің қалтасынан шыққан өзіндік хош иісі бар затқа сараптама тағайындап, қорытындысына сәйкес кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

 

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz