Контрофактке қарсы күрес жүргізілуде

104

Контрофактке жол жоқ. Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері осы мақсатта қаладағы «Айна» сауда орталығында сауалнама мен түсіндірме жұмысын жүргізді. Шараның мақсаты —  халыққа зияткерлік меншікті кеңінен түсіндіру және олардың білімін жетілдіру.

Сондай-ақ, контрафактілі заттарды сатып алу қауіпін болдырмау, алдын-алу және бұл өнімдерге теріс көқарас қалыптастыру.

Жүргізілген сауалнама нәтижесінде жеке кәсіпкерлер мен тұтынушылардың бұған дейін бірнеше рет контрафактілік өнімді кездестіргені белгілі болды. Әрі олардың басым бөлігі бөтен тауар таңбасын пайдаланғаны үшін жауапкершілік көзделгенінен хабардар екен.

Мөлдір Ибадуллаева