Түркістан облысы полицейлері қару сақтаудың тәртібі мен ерекшелігін түсіндірді

241

Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Төлеби АПБ бастығы полиция полковнигі Бауыржан Жанаевтың төрағалығымен кең көлемде жиналыс өткізілді. Жиынға Ленгер қаласымен 12 ауылдық округі және 55 елді-мекендердегі азаматтық және қызметтік қарулары бар азаматтар, қару айналымы саласын бақылау жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Қару иелеріне Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық қаруды сатып алуға, сақтауға немесе алып жүруге рұқсатты ұзарту кезіндегі тиісті міндеттер мен құқықбұзушылықтарға жол бермеу жөнінде кеңестер беріліп, қару иелеріне барлық қажетті заңдылықтар жіті түсіндірілді.

Бүгінде аңшылық мақсатта не жеке басының қауіпсіздігі үшін қару сатып алатындаркөптеп кездеседі. Қару сатып алғаннан кейін сақтау да оңай емес, талаптары жетерлік.

Төлеби ауданының бас полицейі ұйымдастырған іс-шарада осы қаруды сақтаудың тәртібі мен ерекшелігі айтылып, қару иелеріне кеңес берілді. Сондай-ақ, қару сақтаудағы қауіпсіздік шараларын басты назарға қою керектігі қатаң ескертілді.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі