Мемлекеттік сатып алуға 2 жылға тыйым салынды

96

15-ші  ақпаннан бастап шетелдік көлік пен кейбір тауар түрлерін мемлекеттік сатып алуға екі жылға тыйым салынады. Үкімет қаулысына сәйкес, оған шетелде шығарылған кейбір өнеркәсіптік және машина жасау тауары кіреді.

Сатып алуға тыйым салынған тауарлар тізімінде автобустар, жеңіл және жүк көліктері, арнайы техника, комбайн, трактор, газды, сұйықтықты немесе электр энергиясын беруге немесе өндіруге арналған есептегіш те бар. Ал кейбір заттар керісінше ұлттық режимнен алынған. Мәселен, ағаш және металл кеңсе жиһазын мемлекеттік сатып алуға рұқсат бар.