Шымкентте мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды. Онда жүйедегі соңғы өзгерістер, қателіктер, конкурс өткізу және ашықтықты қамтамасыз ету жолдары қаралды. Қатысушылар сала мамандарымен тікелей сөйлесіп, сұрақтарына жауап алды.
Мемлекеттік сатып алу жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. Әңгіме, «O MARKET» жүйесіндегі жаңғыру туралы. Енді бағаны негізсіз, қолдан қымбаттату жағдайлары арнайы жүйе арқылы анықталады. Нәтижесінде тапсырыс берушілер мен жеткізушілер үшін жемқорлық қаупі төмендемек.
АЯКӨЗ МЕРМҰҚАН, «O MARKET» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ: «Бұл өзгерістер өткен жылдың 19-шы желтоқсанда енгізілді. Арнайы жүйе тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің бағаны негізсіз қымбаттатқанын көрсетеді. Соның арқасында екі тарап үшін де тәуекелдер азаяды. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім. Осылайша бюджет қаражаты үнемделіп, сатып алулар ашық өтеді, сол арқылы жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға болады».
Бұл өзгерістер қысқа мерзім ішінде-ақ өз нәтижесін көрсетті. Жауаптылардың сөзінше, жүйе енгізілгелі бері бюджет қаражаты 33 пайызға үнемделген. Осы сынды саладағы өзекті мәселелер мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне арналған оқыту семинарында кеңінен қарастырылды.
МҰҚАҒАЛИ ЕРҒАЛИЕВ, СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ: «Алдын білсеңіздер мерзімі өте ұзақ болатын еді. Әр мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын анықтауға дейін өте ұзақ мерзімде болатын еді. Сотты қоспағанда. Сол қысқартылған. Және де автоматтандырылу жақсы болып жатыр. Оның пайдасы жеке адам емес, порталдың өзі автоматты түрде шешім қабылдайды. Жақсы жағына өзгерістер өте көп».
Сондай-ақ, жиында мемлекеттік сатып алудағы кейбір кемшіліктер туралы да айтылды. Мамандардың сөзінше сатып алуды ұсақтап бөлу жағдайлары кездеседі екен. Бүгінгі жиын осы проблемалардың алдын алуға көмектеседі.
БАХЫТ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мысалы «О маркетте» дробление суммы болды. Шымкент қаласының әкімдігі мен экономикалық тергеп-тексеру департаментінің арасында меморандум бар. «О маркет» жөнінде грабление жөнінде көп хатар келіп түсті, көбінесе сол дробление суммы болады. Лоттарға бөлмеу, намерениемен бөліп тастайды да сол бойынша».
Жиынға 240 адам қатысты. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды мамандарға қойды. Сол арқылы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым қызметкерлері кәсіби білімін арттыруға мүмкіндік алды.
Лаура Бабас






