Жеңілдетілген автонесиенің максималды соммасы 10 миллион теңге болады. Бағасы бұдан жоғары 12, 13 миллиондық машина алу үшін жетпеген ақшаны клиенттің өзі қосуы тиіс.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің айтуынша, 4 пайыздық бағдарлама арқылы Қазақстанда құрастырылған машинаның барлық моделін алуға рұқсат етілмек. Тек бағасы 20-25 миллион болатын қымбат жеңіл көліктерге ғана шектеу бар.
Бағдарлама қашан басталады, қай күннен бастап қайда өтініш беру туралы екі аптададан кейін белгілі болады Бұған дейін бағдарламаның жаңа шарты бойынша алғашқы жарнаның қажеті жоқ екенін айтқан болатынбыз.
Шынар Оразова