Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 2299 «Алтын алқа», 7515 «Күміс алқа» иегерлері бар. Биыл президент жарлығымен олардың қатары тағы да толықты.
Мегаполисте жыл басынан бері 425 көпбалалы ананың 81-і «Алтын алқа», 344-і «Күміс алқа» иегері атанды. Жыл сайын «Алтын алқа» жеті немесе одан да көп, ал «Күміс алқа» алты баланы тәрбиелеген аналарға беріледі.
Сондай-ақ, қалада 373 “батыр ана” 591 I,II дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері мен 4 және 5 перзент өсіріп отырған 43 046 көп балалы ана бар. Мейрам кезінде 11 мыңға жуық көпбалалы анаға 5 АЕК яғни 15 315 тг көлемінде бір реттік сыйақы берілген.
Иззат Миралиев