Бір тәулікте 12 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

55
фото 24.кз

Елімізде өткен тәулікте 12 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде Түркістан облысы мен Шымкент тұрғындары жоқ. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 234 -ке жетіп отыр.

24 наурыздағы жағдай бойынша елде 6 010 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 593 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 5 417-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 48 адамның жағдайы ауыр, ал 22 пациенттің халі өте ауыр. 13 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 443 040 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 9 126 626 адам салдырды.

Ал Шымкентте 600 466 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 589 641-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 047 311 , II компонентін 1 045 818 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта тұр.

Мөлдір Ибадуллаева