Бір тәулікте 456 адам ковидті жеңіп шықты

87

Елімізде өткен тәулікте 379 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде түркістандықтар жоқ, ал біреуі Шымкентте тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 456-ға жетіп отыр. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ. Ал, Түркістан облысынан 11 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

20 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 19 721 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 3 413 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  16 308-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 293 адамның жағдайы ауыр, ал 73 пациенттің халі өте ауыр. 58 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 899 669 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 363 114 адам салдырды. Ал Шымкентте 589 930 тұрғын екпе қабылдаған.

Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 560 324-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 036 439, II компонентін 1 014 561 адам салдырған.

 

                                                                                               Мөлдір Ибадуллаева