Екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатқан жоқ

54
фото Егемен.кз

Әлемдегі геосаяси мәселелердің ушығуына байланысты қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Бұл жұмысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен бірлесіп атқарып жатыр.

Қазір Қазақстанның барлық екінші деңгейлі банкі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Салымдарға, депозиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақшаны қабылдау мен беруді қоса алғанда, клиенттер алдындағы міндеттемелер толық орындалуда.

Банктердің соңғы аптадағы жағдайы бойынша шамамен 16,7 трлн. теңгенің немесе жалпы активтердің 43%-ын құрайтын өтімді активтердің айтарлықтай қоры бар. Тек бірқатар ресейлік банктерге қатысты санкциялар енгізілгенуіне байланысты Mastercard және Visa халықаралық төлем жүйелері 18 және 20 наурыздан бастап көрші елмен еншілес «Сбербанк Қазақстан» банкінің карточкалық операцияларын өңдеуді шектейді деген ақпарат бар.

Шынар Оразова